САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІ ПЛЕНУМЫ
Бүгін, 10 сәуірде, Астана қаласында Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы Орталық комитетінің кезекті Пленумы өтті. Пленум жұмысына ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г. Жұмагелдиева, сондай-ақ кәсіподақтың Орталық комитетінің мүшелері қатысты.
Кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева «Білім саласының цифрландырылуы және еңбек заңнамасындағы өзгерістер жағдайында құқықтық қорғау мен кәсіподақ мүшелігін ынталандырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде цифрландыру дәуірі мен жасанды интеллект технологияларының белсенді енгізілуі жағдайында кәсіподақтардың рөлі түбегейлі өзгерістерге ұшырап отырғанына жан-жақты тоқталды. Қазіргі заманғы сын-қатерлер еңбек құқықтарын қорғаудың дәстүрлі тетіктерін қайта қарауды және кәсіподақ мүшелерімен өзара іс-қимылдың жаңа, икемді әрі технологиялық құралдарын енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, цифрлық сервистерді дамыту және кәсіподақ мүшелігін ынталандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Баяндама бойынша жарыссөзде Орталық комитет мүшелері: С. Байбосынова (Алматы облыстық «Қамқор» кәсіподақ ұйымы), М. Төлепбергенов (Жетісу облыстық ұйымы), Г.Самотокина (Алматы қалалық ұйымы), Л. Есханова (Қызылорда облыстық ұйымының Қармақшы аудандық комитеті) сөз сөйледі. Олар жаңа жағдайларда қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, өңірлік ерекшеліктерді атап өтті және мемлекеттік цифрлық трансформация жағдайында кәсіподақ қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева Пленум қатысушыларын Федерацияда «Цифрлық кәсіподақ» бірыңғай цифрлық платформасын құру жобасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті. Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында цифрлық жаңашылдықтар мен кәсіподақтардың негізгі миссиясы – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау айрықша маңызды екені атап өтілді.
Пленум күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.
Пленум кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының 2025 жылғы қызметінің жыл сайынғы бағалау қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.
Жеңімпаздар:
I орын – Ақмола облыстық ұйымы;
II орын – Қызылорда облыстық ұйымы;
III орын – Жамбыл облыстық ұйымы.
Жылдық рейтингте жоғары нәтижелер көрсеткен ұйымдар (Ақтөбе және Павлодар облыстық ұйымдары, Астана қалалық ұйымы) дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Пленум жұмысын қорытындылай отырып, Айгүл Мұқашева қазіргі жағдайда басты басымдық кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып қала беретінін атап өтті. Ол цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы жаңа мүмкіндіктер ашатынын, алайда сонымен бірге кәсіподақтардан барынша икемділік, жеделдік және жаңа сын-қатерлерге дайын болуды талап ететінін жеткізді.
-
Фото
-