ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ
Бүгін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезекті XXX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Жиынға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгүл Мұқашева, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық жұмыстар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Индира Сақауова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев және әлеуметтік әріптестер, сала ардагерлері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Конференция жұмысында облыстық ұйымның соңғы бес жылда атқарған жұмыстарының есебі беріліп, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, кәсіподақтың құқықтық қызметінің пәрменділігі, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Есепті жиынды ашқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының есепті мерзім ішіндегі кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында атқарылған кәсіподақ жұмыстарына жіті тоқталды. Сонымен қатар ұйым төрағасы кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымы, әлеуметтік әріптестік, құқықтық жұмыс, жастармен жұмыс, ақпараттық жұмыс және ұйымдастыру жұмыстары туралы кеңінен баяндады.
Раушан Серікованың айтуынша, есепті кезеңде 8 712 құқықтық кеңестер берілді. Одан бөлек кәсіподақ мүшелеріне құқықтық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша кеңес беру; кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға тікелей жүгіну; еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу; кәсіподақ активімен, басшылармен, қызметкерлермен құқықтық тақырып бойынша оқыту семинарларын өткізу құқықтық көмек көрсету бағыттарында жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, осы мақсатта республикалық, облыстық семинарларға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары оқуға жіберілді.
Айта кетейік, облыстық ұйымның құқықтық жұмысының маңызды бағыты қоғамдық бақылау болып табылады. Есептік кезеңде 1283 білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізілді.
Әлеуметтік әріптестік – сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың кепілі. Салалық және облыстық келісімдерден басқа, облыстық кәсіподақ жүйесінде 12 аудандық келісімдер мен барлық 606 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттар қолданылады. Олар барлық кәсіподақ мүшелерінің қызметкеріне таралады.
Кәсіподақ жұмысының бір саласы – кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көрсету. Сол мақсатта үйлері, пәтерлері өртеніп, зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне аудандық және облыстық кәсіподақ тараптарынан да көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы әрбір еңбеккердің құқықтары мен еңбектегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әдістемелік көмектер көрсетіп, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ережеге және кәсіподақ жарғысына сәйкес жұмыс жасауларына ықпал етеді.
Конференцияда ұйым төрағасы Раушан Серікова Республикалық кәсіподақ қозғалысының алдындағы міндеттер мен мәселелер, педагог мәртебесі туралы атқарылып жатқан мәселелер жөнінде де толғырақ баяндады. Конференцияға қатысқан делегаттар жарыссөзге шығып, ұйым жұмысының есебіне оң баға беріп, кәсіподақ жұмысының жаңа құрамын сайлады.
Конференцияда делегаттардың бірауызды шешімімен Раушан Серікова Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының алдағы өкілетті мерзіміне төраға болып қайта сайланды.
-
Фото
-