МЕРЕЙТОЙҒА – МАРАПАТ
Қарағанды облысы Нұра ауданының білім беру жүйесіне үлкен үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған Касымов Ғабдысалям Жылтырұлының мерейлі 80 жасқа толуына орай, Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ракишева Алмагүл Айтқазықызы ардагер ұстазға Қазақстан шипажайына тегін жолдама сыйлады.
Ғабдысалям Жылтырұлы 45 жыл шәкірт тәрбиелеп, математика пәнінен сабақ берген тәжірибелі ұстаз, 20 жылдай Нұра өңірінде мектеп басқарған білікті, білімді маман иесі.
Нұра ауданының қадірлі ақсақалы, ардагер ұстаз, ардақты әке Ғабдысалям Жылтырұлын сексеннің сеңгіріне жеткен мерейтойымен құттықтай отырып, біз шәкірттік ыстық ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке жетіп, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз Сізге қарыздармыз.
Ең жоғары құрметке лайықты ұстазымызға көлдей көңіл, таусылмас ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасының амандығын тілейміз!
Қарағанды облысы, Нұра аудандық оқу-ағарту,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы