ҮЗДІК БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Ақтөбе облысының Мәртөк және Ойыл, Әйтеке би аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2023» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету, мұғалім мәртебесін көтеру.
Аталған байқауға еңбек өтілі 10 жылдан кем емес жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Байқау үш кезеңде өтті.
Байқау қорытындысында Ойыл ауданы бойынша жүлделі ІІІ орынға Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің мұғалімі Самал Дәулетова мен ІІ орынға Екпетал мектеп балабақшасының мұғалімі Маягүл Сисенбаева ие болса, Мәртөк ауданы бойынша ІІ орынды Қазан жалпы негізгі білім беретін мектебінің мұғалімі Елена Кривенко мен ІІІ орынды №1 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Насиха Кадырова иеленді. Ал, Әйтеке би ауданы бойынша І орын Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Гүлсима Смайловаға, ІІ орын М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ару Төрежановаға, ІІІ орын Жарөткел негізгі орта білім беретін мектебінің мұғалімі Гүлім Алпысоваға бұйырды.
Байқауда Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тойдушат Майланова, №2 Мәртөк мектеп гимназиясының мұғалімі Фарида Изимова және Ақтасты жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Самал Игисиновалар бас жүлдені иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Байқауға қатысқан педагогтер аудандық білім бөлімі басшысының дипломдары және Алғыс хаттарымен марапатталып, аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары мен шипажай сертификаттарына ие болды.
-
Фото
-