МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев №65 мектеп-гимназия ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кездесуге қатысушылар Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісіммен таныстырылды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Келісім – кәсіподақ мүшелері болып табылатын Астана қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылғанын атап өту қажет.
Сондай-ақ, Батыр Алиев Ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек туралы хабардар етті.
Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-