ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Ақтөбе облысының, Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен "Ташкент-Самарқанд-Ташкент" бағыты бойынша үш күндік тарихи-танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхатқа ауданның 40-қа жуық білім қызметкерІіне тегін жолдама берілді. Олардың қатарында білім саласында қажырлы еңбек еткен әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен пән мұғалімдері бар.
Саяхаттың алғашқы күні Ташкент қаласындағы Кукилдош медресесі, Хасти Имам комплексі, Барақ хан тағы да сол сияқты медреселерге барып зиярат етті. Одан кейін Әмір Темір алаңы мен мұражайын, Magic city туристік кешенін тамашалады.
Саяхаттың екінші күні Самарқанд қаласындағы Гури Амир мавзолейі, Шер-Дор медресесіне, Регистан алаңын аралады. Сонымен қатар Биби -Ханым мешітіне зиярат етіп, “Некреполь Шохи-Зинда”, “Ұлықбек обсерваториясы" архитектуралық көрінісінің тарихымен танысты. Орта Азиядағы тарихи қаланың ерекше көрінісі саяхатшыларды тәнті етті.
Саяхаттың үшінші күні Ташкент қаласында жалғасты. Ұлы жүздің биі Төле би кесенесіне барып, құран бағыштады. Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тамашалады.
Айта кетейік, туристік сапар аясында саяхатшыларды білікті гид маман жол көрсетіп, әрбір кешеннің тарихымен таныстырды.
Көрші Өзбекстан еліне саяхаттаған білім қызметкерлері ерекше көңіл-күймен елге оралды.