ҰЛЫ МАМАНДЫҚТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
Әр халықтың көш басынан табылатын тұғыры мықты, болмыс бітімі бөлек, кісілігі мен кішілігі тең түсетін рухы жоғары ұстаздары болады. Риддер қаласында көптеген ұстаздарды білемін.
Солардың ішінде жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздардың бірі - «Шаңырақ» көпсалалы мектеп- гимназиясының ұстазы Баембаева Фарида Жанұзаққызы.
Ол еңбек жолын 1984-1985 жылдары Көкшетау облысы Альжан орта мектебінде математика және физика мұғалімі болып бастады. 1985 - 1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Верх-Березовка орталау мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
1997 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.
Ұлтына қызмет етіп, ұрпақ тәрбиелеуді өзінің алдына мақсат етіп қойған Фарида Жанұзаққызы осы жылы ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында ұзақ жылдардағы еңбегі ескеріліп, білім кәсіподағының ұсынуымен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Олай болуы заңдылық та. Өйткені бүкіл жастық шағын бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз ұзақ жылдар бойы өзін жоғары кәсіби, білімді, әдістемелік сауатты және бастамашыл маман ретінде көрсете білді.
Ол жоғары кәсіби қасиеттерімен ерекшеленеді, педагогикалық қызметті талдай білу, маңызды мәселелерді анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын табуда өзінің өмірлік іс тәжірибесіне сүйенеді.
Фарида Жанұзаққызы түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабағын өте жоғары деңгейде өткізіп, оқушылардың білімін арттыруға ат салысады.
Әр баламен жеке жұмыс жасай отырып, мүмкіндіктерін дамытады, дарынды оқушылармен қосымша жұмыс жасау арқылы білімдерін шыңдай түседі. Өте ізденімпаз, еңбекқор ұстаз. Әріптестері оның бойында мақсаттылық, белсенді өмірлік ұстаным, коммуникабельділік, ұйымдастырушылық қабілеттер, жауапкершілік, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білу,оқу қабілеті, жоғары жұмысқа қабілеттілік, ұқыптылық, өз жұмысына шығармашылық көзқарас, тілектестік, балаларға және өз жұмысына деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді атап өтеді.
Фарида Жанұзаққызы оқушыға білім мен тәрбие беруде ата-аналармен жұмыстың маңыздылығын да түсінеді. Мектепте өтетін іс-шараларда, ата-аналар жиналысында, қоғамдық жұмыстарда да ата-аналары белсенділік танытып жүреді.Әр ата-ана анасындай сыйлап, көмектесуге әзір тұрады.
Ұлт тәрбиесімен айналысқан адамның бойынан ізгі қасиеттер табыла білу абзал. Ұстаз болған адам өз алдына мемлекеттен не аламын деп емес, мемлекетке не беремін деп мақсат қойып қызмет етуі шарт. Халықтың баласын тәрбиелеген адам – халықтың анасына, әкесіне айналады. Фарида Жанузаковнаның шәкірттері қазіргі таңда танымал тұлғаларға айналып үлгерді.
Ол – өзінің мәдениетімен, білімділігімен, парасаттылығымен, тән тазалығымен, шынайылығымен оқушының ғана емес, қала мұғалімдерінің арасында Риддер қаласында ұстаздықтың эталонына айналды.
Бақытым - мамандығым, байлығым - балаларым, бала тәрбиесі деп білген, ойы биік, сөзі де, ісі де ірі, жаны мен қолы бірдей таза, кішілік пен кісіліктен жаралған, тұғыры биік жан білім беру саласында өзінің жұмысын жалғастырып келеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолда дара шығып, істері үлгі өнегеге айналған ұстаз апайымыз көп жылдар бойы жеңіс тұғырынан түскен жоқ.
Фарида Жанузаковнаның көп жылдар бойғы еңбегі де ескерусіз қалған жоқ. Ол бірнеше мәрте қала әкімінің, білім бөлімінің және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Асыл жар, аяулы ана, қадірлі әже атанған апайымыз әлі де ұрпақ тәрбиелеуде берерім көп деген ойда. Сол позитивті көзқарасымен білім әлемінде ешкімге еліктемей, өзіндік жолын салып келе жатқан Фарида апайымызға шәкірттеріңізге парасаттылық ұлағатын ұялатып, үлгі болар биік тұлғаңыз аласармай, жаңа мектептің – жаңашыл ұстазы болып, асулардан аса беріңіз демекпіз!
Б.Көшерова ,
Риддер қаласы «№ 2 орта мектеп» КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.