ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қыметкерлері кәсіподағы қызметінің басым бағыттарының бір шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орната отырып, кәсіподақ қызметі мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды көздейді. Бұл ретте Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының танымал, әрі беделді, ірі халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне мүше екендігін атап өткен орынды болар еді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Түркия Республикасы Білім қызметкерлерінің кәсіподағы (Egitim-Bir-Sen) делегаттары мен Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қыметкерлерінің кәсіподағы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерінің арасында үш жақты кездесу ұйымдастырылды.
Түркия Республикасы Білім қызметкерлерің кәсіподағы (Egitim-Bir-Sen) делегаттарының қатарында осы аталмыш ұйымға жауапты Вице-президенті - Месут Өнер мырза, әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президенті - Али Дениз мырза және халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Нурулла Сезүр мырза, ал Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қыметкерлері кәсіподағы тарапынан ұйымдастырушылық-кадрлық бөлімінің бастығы Иманбаев Ернар Серікқалиұлы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерімен бірге Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев Мирас Махмедунұлы, Түркология кафедрасының меңгерушісі мен профессор-оқытушылар құрамы болды.
Кездесу соңында Түркиядан келген қонақтарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің бас корпусымен таныстырып, «Жазу тарихы мұражайы» үйін аралап көрсетіп, соңында Күлтегін ескертішінің жанында және «Жазу тарихы мұражайында» естелік фото суреттерге түсіп, келген қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, соңында Түркология кафедрасына барып, студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
-
Фото
-