ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТТАР
Павлодар облысының Аққулы ауданында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының ұйымдастыруымен аудандағы білім беру ұйымдарының ұстаздық еңбек ардагерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.
Адал еңбегі мен ұстаздық қызметтегі жетістіктері үшін ұстаздық еңбек ардагерлері Білім министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты шараға 40-тан астам ұстаздық еңбек ардагерлері қатысты. Білім бөлімінің басшысы Ерсын Еркенұлы Еркенов ұстаздық тәжірибесі мол, ұстаздық тәжірибелі ұстаздарды құттықтады.
Салтанатты шарадан кейін ұстаздарға мерекелік концерт қойылып, фуршет ұйымдастырылды.
-
Фото
-