ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРЛАР
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық бөлімімен бірлесіп әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің аясында бастауыш кәсіподақ төрағаларына арналған құқықтық оқыту-семинары өткізілуде.
Шараға Түркістан, Кентау қалалары және Сауран ауданы білім беру ұйымдарындағы тиісті мамандар қатысуда.
Оқыту-семинарына арнайы Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы келіп, облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына құқықтық кеңес берді. 83-бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Педагогтарды аттестациялау бойынша басымдық беріліп, заңнамаларын толыққанды түсіндірді. Қолданыста бар нормативтік актілер жайында құлағдар етті.
Семинар барысында мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, диалог ретінде сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Пайдалы жиын нәтижесінде қатысушылар өз ойларын ашық жеткізіп, көкейдегі сауалдарына тиісті жауап алды.
Айта кетейік, 13 қарашада басталған семинар 3 күнге жалғасады.
-
Фото
-