КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұлттық валюта күніне орай білім саласының қаржыгерлері құрметке бөленді.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағалары білім саласының қаржыгерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, аудан дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Кәсіподақ төрағалары білім саласында еңбек ететін қаржыгерлердің еңбектері зор екенін айтып, қаржы майталмандарының қажырлы еңбегінің арқасында аудандық білім бөлімінің игі бастамалары іске асып жатқанын жеткізді.
Салтанатты шарада Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Сұлтанның және аудандық білім бөлімінің басшыларының мерекелік Алғыс хаты табыс етілді.
Марапат соңында білім саласында көп жылдар бойы еңбек еткен қаржыгерлер мерекелік лебіздерін білдірді.
-
Фото
-