ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ?
«Бірінші байлық – денсаулық» деген. Осы бір ауыз сөздің салмағын, жауапкершілігін көбіне түсіне бермейміз. Естіген кезде көңілге қонымды, әрі әсерлі. Мойын ұсынамыз. Әрі кетсе бірер сәт содан соң ұмытылады. «Тәннен жан артық еді» - дейді, Абай атамыз жан ауырғанда тәнімізге салғырт қарағанымызды қап ұрып ұғына бастаймыз.
Салауатты ұрпақ келешегіне сеніммен қарайтыны анық. Осындай қағиданы берік ұстанып Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш кәсіподақ төрағасы Айтолқын Қызырбекова ұжым ішінде салаутты өмірді насихаттау, береке бірлікті нығайту мақсатында кәсіподақ мүшелері арасында «Біз отбасымызбен біргеміз» атты «Толағай» отбасылық сайысын өткізді. Аталмыш сайысқа 5 жанұя қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: доппен кедергілер арасынан жүріп өту, кім шапшаң картоп отырғызу, арқанға өрмелеу, қол күрес, сиқырлы сандық ішіндегі сұрақты шешу болды.
Сайыс тартысты да қызықты өтіп нәтижесінде бас жүлдені Наймановтар жанұясы алды. 1 орынды Аяжановтар, 2 орынды Рамазановтар, 3 орынды Ташкеновтер және Қайырғазиновтар жанұясы иеленді. Соңынан кәсіподақ тарапынан сый-сияпат көрсетілді.
-
Фото
-