БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
«Қазақстандық оқу-ағарту ,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шет аудандық комитеті филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары арасында аудандық Мәдениет үйінде, облыстық кәсіподақ ұйымының жоспарына сай, «Жаса, Қазақстан!» фестивалі өтті.
Білім ұйымдары хор, вокал, аспаптық ансамль, хореографиялық композиция бойынша өз өнерлерін көрсетті. Жамбыл Ақылбаев мектеп гимназиясы мен Көктенкөлі жалпы білім беру мектебінің ұжымдары жүлделі орындарға ие болды. Жеңіске жеткен ұжымдар дипломдармен және қаржылай марапатқа ие болды.
Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Күнделікті жұмысы мен өнерді ұштастырып жүрген ұстаздар қауымына үлкен алғысымызды білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін құрметті қатысушылар!!!
«Қазақстандық оқу-ағарту ,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шет аудандық комитетінің филиалы
-
Фото
-