ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ұжымымен кездесті.
Кездесуге қатысушыларды Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісіммен таныстырды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Келісім – кәсіподақ мүшелері болып табылатын Астана қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылған.
Сондай-ақ, Батыр Алиев Ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек туралы хабардар етті.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-