ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбе облысының білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жүргізді.
Қоғамдық бақылау — қоғамдық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысандарда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерін талдауға және қоғамдық бақылауға, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеуге бағытталған қызметі. Яғни, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беру, сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою болып табылады.
Кездесу барысында мекеме директоры Гүлбарам Қалиева, бастауыш кәсіподақ төрағасы Ақмарал Әжібаева және іс жүргізуші Лиза Жасақовамен сұқбаттасып, методикалық кеңестер берді.
Кəсіподақ қызметкерлері мекеме ұжымымен кездесу өткізіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қойылған сауалдарға жауап беріп, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау бойынша кеңестер берді.