ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ АТАНДЫ
21-24 қараша аралығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп «Үздік денешынықтыру педагогы – 2023» республикалық байқауы өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты —педагогтың мәртебесін арттыру және білімді шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
Бұл іс-шара барысында білім беру сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, білім беру-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, озық педагогикалық тәжірибені анықтап, таратуға, заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, шығармашылық педагогтарды қолдау және педагог мамандығының беделін көтеруге назар аударылды.
Байқауға барлық түрдегі жалпы орта білім беру ұйымдарының денешынықтыру педагогтары - конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Жиын үш кезекті қамтыды, алғашқысын аудандық білім бөлімдері қыркүйек айында өткізді. Ақтөбенің және өзге қалалардың білім басқармалары қазан айында екінші кезеңді ұйымдастырды.
Үшінші кезең – республикалық финалдық кезең, 21-24 қараша аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өтті.
Байқау қорытындысында Шалқар қаласының №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Әлібек Пұсырманов жүлделі ІІ орынды иеленді.
Құттықтаймыз!