ЗОРЛЫҚ –ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ ҮШІН!
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы - 16 күн» акциясы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан Қаратал ауылдық мәдениет үйінде Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және бастауыш кәсіподақ ұйыдарының жетекшілерімен бірлескен семинар өтті.
Шараға А.Қ.Набиева - полиция капитаны, Е.Е.Аубакиров - ауылдық полиция инспекторы, С.Сәкібаева - аудандық білім бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі әдіскері, Қ.Е.Сайранов - аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы,Т.Мұратов - «Қаратал орта мектебі» КММ кәсіподақ төрағасы жәнеауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар, ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында
баяндамалар, бастауыш кәсіподақ төрағалары ұйымдастырған қойылым-флешмобтар қатысушылардың назарларына ұсынды.
Ең бастысы, қойылымдармен, кәсіподақ ұйымының «Біз зорлық-зомбылықсыз әлем
үшін» атты девизімен бірге гендерлік саясаттың идеясын толықтырып, әйелдермен
қатар ер азаматтарға да ой салды деп ойлаймыз. Семинар көздеген мақсатқа жетті.
Бұл пікір - осы шараны ұйымдастырушылардың ғана емес, жалпы шараға қатысқан
көпшіліктің пікірі.
Аудандық кәсіподақ ұйымы мен бастуыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен басталған «Гендрлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы әрі қарай барлық мектептерде жалғасын табады.
-
Фото
-