ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР БАСТЫ НАЗАРДА!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымындағы еңбекші әйелдермен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы өз сөзімен ашып, кәсіподақ ұйымының жанында еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы мәлімдеді. Шарада еңбекші жұмыскер әйелдердің денсаулығын нығайтумен сауықтыру жұмыстарына тоқталып, жыл бойы өткізілген іс шаралар туралы ақпарат берді.
Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Шалқар Оразбаевта кездесу барысында сөз алып, нәзік жандардың сан қилы тағдыры жайында айтып, педагогтарды зорлық зомбылықтан алшақтатып, барынша нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатқанын жеткізді.
Еңбек ұжымындағы белсенді кәсіподақ мүшелері әлемде болып жатқан жағдайларды баяндап, әйелдер мен балаларға жасалған қолайсыз оқиғаларды айтып, жастарды зорлық-зомбылықсыз мінез-құлықтарын қалыптастыруға педагогтарда атсалысатындарын білдірді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы