ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен Қарғалы және Әйтеке би аудандарында болды.
Жұмыс сапары барысында аудандық кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарымен танысып, бірнеше білім беру мекемелеріне барды.
Облыстық кәсіподақ өкілі аудандық кәсіподақ ұйымының төрағаларына әдістемелік көмек көрсетіп, аудан орталығындағы бастауыш ұйымдардың төрағаларына ұйымдастыру жұмыстары жөнінде семинарлар өткізді. Сонымен қатар аудандардағы кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, педагогтерді толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, мектеп басшыларымен жолығып, әлеуметтік әріптестік туралы келісімде көрсетілген міндеттемелерді талқылады.
Сапар соңында кәсіподақ өкілі А.Серімбетов Әйтеке би ауданының психологиялық-педагогикалық кабинетінің 10 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысып, аталған білім беру ұйымының кәсіподақ төрағасы мен кәсіподақ мүшелеріне білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін шипажайға жолдама сертификаттарын табыс етті.
-
Фото
-