НАЗАРДА – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту» жобасы аясында «SANA SCHOOL-SS» ЖШС мектеп ұжымы үшін «Кәсіподақ қозғалысы. Құқықтық негіз. Тартымдылық» тақырыбы бойынша оқыту өткізілді.
Аталған іс-шараға ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ляззат Есжанова, Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасарлары Мақсат Рзаханов, Данияр Кеңшілік, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Тәрбия Бәйімбетова, «SANA SCHOOL-SS» ЖШС директоры Амангелді Кашкинов және мектеп ұжымы қатысты.
Жобаның мақсаты - қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігінде болмауына қарамастан еңбек заңнамасының нормалары мен ережелеріне оқыту және оларды кәсіподақ қозғалысына тарту болып табылады.
Өз сөзінде спикер Ляззат Есжанова кәсіподақтар құрудың құқықтық негізін, кәсіподақтардың қалыптасу тарихын, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ мақсаттары мен міндеттерін, стратегиясы мен қызметінің бағыттарын түсіндірді. Еңбек даулары мен жанжалдарды шешудің жеңіл әдістері мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
Оқытуға қатысушылар кәсіподақ қозғалысын ұйымдастыру саласында нәтижелі білім алды және алдағы уақытта кәсіподақ ұйымын құруға ниет білдірді.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-