ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
2023 жылдың 4 желтоқсан күні Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы іс-шаралар жоспарына сәйкес, республика көлемінде жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Мұнайлы ауданында «Зорлық - зомбылыққа қарсымыз!» атты дөңгел үстел өтті.
«Бәйтерек» бала-бақшасында өткізілген дөңгелек үстелде білім беру ұйымдарының өкілдері, бөбекжайдың директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.