КӘСІПОДАҚ ТЫНЫСЫ
Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»деп, газеттің адам өміріндегі алар орнын көрсеткен. Көз бен құлақ қалай керек болса, баспасөз де соншалықты қажет екені анық.
Ауданның тыныс- тіршілігін үзбей жариялайтын аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетіне Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы білім қызметкерлерінің Ақжар кәсіподақ ұйымының тынысы қараша айындағы кезекті санында «Жоспар нәтижесі уақыт еншісінде» тақырыбында жарық көрді.