ШҚО ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 2023 жылдың 04 желтоқсанда онлайн-режимде Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өткізді.
«2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық Келісімнің талаптарын орындау туралы» бойынша жиналғандар алдында құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман И.Соколов сөз сөйледі. Облыстың білім беру ұйымдарында Келісім мен ұжымдық шарттардың талаптарын орындау бойынша талдау жасалып, оң сәттер мен мәселелер атап өтілді.
Сондай-ақ отырыс барысында аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өз мәселелері бойынша есеп берді:
- Зайсан аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жұмысы туралы;
- Катонқарағай аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру туралы.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер тыңдалып, талқыланды. Отырыс іскерлік және сындарлы жағдайда өтіп, барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.