«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділік» акциясы ұйымдастырылып, өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты: әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауда және тоқтатуда азаматтық қоғам ұйымдарының жетекші рөлін мойындау, яғни олардың осы саладағы жұмысын көтермелеу және қолдау.
Осы мақсатта әр түрлі форматта дөңгелек үстел, пікірталас, ситуациялық сұрақтар, проблемалық бейнебаяндар, тренингтер өткізіліп, акция аясында қоғамдағы әйел азаматының құқықтық сауаттылығын арттыруда, сонымен қатар зорлық-зомбылықты болдырмауда және тоқтатуда азаматтық қоғам ұйымдарының жетекші рөлінің басым екендігіне түсінік берілді.
Шара «Ел болашағы үшін берік негізді қалыптастыру - басты мақсат» деген тұжырымдармен қорытындыланды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-