ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Адам құқықтары күні аясында Еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе автожол колледжінде қоғамдық бақылау жүргізді.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 155 бабына сәйкес Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 9.10 тармақшаларына сәйкес қоғамдық бақылау жүргізілді.
Кəсіподақ өкілдері қоғамдық бақылаумен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын түсіндіру, жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісім комиссиясы мүшелерімен семинар өткізіп, әдістемелік кеңестер берді.
Айта кетейік, келісу комиссиясы жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Сондай-ақ, кәсіподақ заңгерлері еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аясында кеңестер берді.
Колледж директоры Ғалия Жұмағазинамен, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Динара Мәмбетовамен және кадр бөлімінің инспекторы Самал Кәріпжанмен кездесу барысында әлеуметтік әріптестік туралы келісімде көрсетілген міндеттемелерді талқылады.