ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ
«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қарасай аудандық жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2023 жылдың 6 желтоқсан күні Шамалған қаласындағы Мадениет үйінде мектеп директорлары, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарлары, еңбек инспекторларының басын қосып, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға Алматы облыстық еңбек инспекциясының инспекторы Толғанбаева Әлия Мелдебекқызы арнайы шақырылды.
Оқыту семинарын жергілікті кәсіподақтың құқықтық мәселелері бойынша бас маманы-Тойлыбаева Раушан Молдабекқызы ашып берді. Семинарға қатысушар алдында сөз сөйлеген Алматы облыстық еңбек инспекциясының инспекторы Толғанбаева Әлия Мелдебекқызы білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мәселесі не қатысты мол мағлұмат берді.
Семинар жұмысына қатысушылар тарапынан жолданған барлық өзекті сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Оқыту семинары жоғары деңгейде өткізілді, шара соңында қатысушыларға Семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар табысталды.
-
Фото
-