ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
2023 жылғы 8 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем» атты дөңгелек үстел түрінде болды. «Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны аясында өткізілетін «Зорлық-зомбылықсыз әлем – мазасыздық пен көз жассыз әлем» облыстық акциясының қорытындысы шығарылды. Жұмыс барысында қазіргі әлемдегі осы мәселенің жаһандылығы мен өзектілігі талқыланды.
Риддер қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Т.Кострова осы акцияны Риддер қаласының білім беру ұйымдарында өткізу тәжірибесімен бөлісті.
Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдер құқығын қорғау жөніндегі аға инспекторы А.Мокина қатысушыларды облыс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары бойынша статистикамен, әйелдер құқығын қорғауға қатысты заңнамадағы өзгерістермен таныстырды.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» КММ психологы А. Романовская тұрмыстық зорлық-зомбылық нысандары туралы айтып, оның жанжалдан айырмашылығын түсіндіріп, «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты дәріс-тренинг өткізді.
Нәтижесінде жергілікті кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы И.Соколовтың адам құқықтарының
Жалпыға бірдей декларациясының маңыздылығы және кәсіподақтағы әйелдердің құқықтарын қорғау туралы баяндамасы болды.
Семинарға қатысушылар әйелдердің құқықтарын, ерлер мен әйелдердің теңдігі және тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою мәселесінің өзектілігін талқылап, атап өтті.
Шара соңында қатысушылар, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне әркім бей-жай қарамауы керектігін, әртүрлі жолдармен қарсылық көрсете аламыз және әйелдер мен балаларға қатысты үнемі зорлық-зомбылық көрсететін қатыгез нормаларға, көзқарастар мен мінез-құлықтарға жол бермеуіміз керек деген шешімге бір ауыздай келді.
-
Фото
-