мСЕМИНАР-ТРЕНИНГ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛДЫ
Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық филиалы, кәсіподақ ұйымының жанынан жас мамандар арасында құрылған Жастар кеңесімен бірге «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» республикалық науқанына орай семинар-тренинг өткізді.
Шараға филиал төрайымы Мухашева Райыс Сарсенқызы, Жаңаөзен қалалық ішкі-саясат бөлімінің бас маманы Кенжеғалиева Нұршат Ерланқызы және мектеп психологтары Сайынова Гүлзира мен Ермағамбетова Жанар, Жас кеңес мүшелігіне енген 40 жас педагог қатысты.
Семинар-тренинг барысында белгілі педагог-психологтар жас мамандармен әр-түрлі деңгейдегі тренингтер өткізіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны болдырмау үшін, жас мамандар өздердерінің көкейіндегі жүрген ойларын ортаға салды. Тренинг барысында зорлық зомбылық туралы тақырыптарын кеңінен ашып, қайдан, неден, қалай пайда болады және олардың қалай алдын алу үшін не істеу қажет екендігі туралы ойларымен бөлісіп, шара тартымды өтті.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен филиалы
-
Фото
-