КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЭСТАФЕТА
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының» Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалы Тәуелсіздік күніне орай білім беру ұйымдарында қызмет ететін кіші қызметкерлердің арасында аудандық эстафета жарысын өткізді.
Мақсаты: білім беру ұйымдарындағы кіші қызметкерлердің бір – біріне деген ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайту, салауатты өмір салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт арқылы насихаттау, спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, достық – татулыққа, бірлікке шақыру.
Эстафета жарысының ережесіне сәйкес, ең көп ұпай жинаған командалар жеңіске жетті.
Эстафета жарысының қорытынды бойынша:
І орынды «Алаш» командасы;
ІІ орынды «Жеңіс» командасы;
ІІІ орынды «Тәуелсіздік» командасы мен «Самұрық» командасы иеленіп, дипломмен марапатталды және барлық эстафета жарысының қатысушыларына Мұнайлы аудандық филиалы қаражатынан сыйлықтар табысталды.
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.