ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде аудандағы бірқатар білім беру ұйымына қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова Сарысай орта мектебі, Аққұдық орта мектебі, Оңғар орта мектептерінде болып, еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады.
Білім беру мекемелеріндегі еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарының жүргізілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуына жіті назар аударды. Сондай-ақ, әдістемелік көмек көрсетті.
Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
-
Фото
-