КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАМАСЫНА ИЕ БОЛДЫ
Ақтөбе облысының Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен аудан мектептерінің мектепалды даярлық және шағын орталық топ тәрбиешілері арасында «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Байқауға 15 педагог қатысты.
Байқау қоғамда мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі мамандығы туралы жағымды көзқарас қалыптастыру және мектепке дейінгі білім берудің басымдылығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушылар төмендегі кезеңдер бойынша бақ сынасты:
І кезең - «Мамандығым - мақтанышым » тақырыбында таныстыру презентациясы;
ІІ кезең - Ойын-тәрбие және оқыту тәсілі;
ІІІ кезең - «Тапқырлық танытыңыз» сұрақтарға жауап беру.
Байқау қорытындысы бойынша №8 орта мектебінің тәрбиешісі Даража Шоқаева бас жүлдеге ие болды. Ал, №2 мектеп-гимназияның тәрбиешісі Нұрайна Ізтұрған І орынды және М.Тәжин атындағы орта мектебінің тәрбиешісі Мирзат Сақтағанова, М.Орынбасаров атындағы негізгі орта мектебінің тәрбиешісі Дарья Күмісбаева, Сарыбұлақ негізгі орта мектебінің тәрбиешісі Назерке Рахиева, №4 орта мектебінің тәрбиешісі Әйгерім Кенжеева ІІ орынды иеленді.
Жүлделі ІІІ орын №1 мектеп- гимназияның тәрбиешісі Жәния Қалиеваға, №6 орта мектебінің тәрбиешісі Алмагүл Бутаеваға, Ақтоғай орта мектебінің тәрбиешісі Гүлімжан Сүйіковаға, Шоқысу негізгі мектебінің тәрбиешісі Айгүл Елжановаға бұйырды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хаттар мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Бас жүлде ие болған № 8 орта мектебінің тәрбиешісі, кәсіподақ мүшесі Даража Шоқаеваға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан шипажайға жолдама сертификаты табысталды.