ОРАЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалы Атқару комитетінің биылғы жылғы соңғы отырысы өтті. Кәсіподақ төрағасы Төлеген Темешев бастаған Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі 7 мәселені талқылады.
Отырыста 2023 жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы 2024 жылға арналған жоспарлар мен Қаулылар бекітілді.
Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының бас есепшісі Сагида Макбузова бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеу, бөлу, орындалу жағдайы туралы және кәсіподақ бюджетінің 2023 жылғы кірістер мен шығыстар сметасының орындалуы туралы баяндады.
Қалалық №20 ЖОББМ кәсіподақ ұйымының қызметкерлерін құқықтық қорғау және еңбек заңнамасының орындалуы туралы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Слушаш Нигметова және №42 «Ақ ниет» гимназиясының кәсіподақ ұйымының мүшелік базасын нығайту жөніндегі жұмысы туралы кәсіподақ төрағасы Нурлыбек Ильясов ақпарат берді.
Атқару комитетінің отырысында сонымен қатар басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
Отырыс жұмысын қорытындылай отырып, қалалық кәсіподақ төрағасы Төлеген Темешев Атқару комитетінің мүшелеріне алғыс білдіріп, әріптестерді кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін белсенді қорғауға шақырды. Қарастырылған барлық сұрақтар бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ