«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ТІРЕГІМ»
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбында жалпы білім беру мектептері арасында «Екі жұлдыз» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқау мақсаты: шәкірттер мен ұстаздардың шығармашылық қабілетін шыңдау, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін арттыру.
Мерекелік іс-шара №6 жалпы білім беру мектебіндегі ұстаздардың тәуелсіздікке арналған хорымен басталды. Салтанатты шараның шымылдығын Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова тәуелсіздік күнімен құттықтаа ашты.
Байқау ережелеріне сәйкес патриоттық халық әндерін орындаған талантты ұстаздар мен шәкірттердің өнерлері көрермендер мен кеш қонақтарына өте әсерлі болды.
Қалалық кәсіподақ атынан байқауда шығармашылық қабілеттерін танытқан барлық қатысушыларға алғыс айтылып, байқау жеңімпаздары анықталды.3-орын №19 мектеп гимназиясы, 2-орын №17, №20, 1-орын Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектептің жұптары аталып, шәкірттері мен ұстаздарына Диплом мен сыйлық сертификаттар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшесі Ұ.Джумагалиева жеңімпаздарды құттықтады.
Д.Садыкова,
Ақтау қалалық «Оқу әдістемелік» орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.