ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСУ
Еңбек қауіпсіздігін қорғау- кәсіподақ мүшелерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Осы мақсатта "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері өңірдегі білім беру ұйымдарына барып, қоғамдық бақылау жүргізуде.
Бұл жолы кәсіподақ өкілдері Александр Алимпиев, Нұрлан Жетпісбай, Айжарық Серімбетов облыстағы ерекше білім беруді қажет ететін орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы'' коммуналдық мемлекеттік мекеме ұжымымен кездесіп, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Жауапты мамандар ұжымдық шарт, ішкі еңбек тәртібі мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.
Кәсіподақ мүшелері еңбек өтілі және оған байланысты еңбек демалысын беру, қоса атқарылатын жұмыс кезінде туындайтын мәселелер, біліктілік санатын алу тәртібі, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, нормативтік оқу жүктемесі, материалдық көмек көрсету сияқты көптеген сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
-
Фото
-