БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Тексеру комиссиясы Қаржы-шаруашылық қызметін, мүшелік жарналардың есептелуі мен түсуін, ақшаның дұрыс жұмсалуын, мүліктің пайдаланылуын, сондай-ақ сайланбалы органдарының шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын негізгі бақылау-тексеру органы болып табылады.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 2023 жылдың 14 желтоқсанында онлайн-режимде «Тексеру комиссиясы қызметінің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Іс-шараның модераторы ШҚО жергілікті кәсіподағының бас есепшісі Риза Ибраева болды. Вебинар барысында модератор: бақылау-тексеру органдарының міндеттері, жұмыс тәртібі, құжаттарды рәсімдеу, есепке алу дұрыстағын тексеру тақырыптары бойынша мәлімет беріп, үлгі құжаттарын атап, көрсетіп кетті.
Вебинарға аудандық, қалалық және тікелей қызмет көрсету кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен тексеру комиссияларының мүшелері қатысты.
-
Фото
-