СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы, Семей қаласы, Шүлбі кентіндегі Шүлбі орта мектеп-кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шараға мектебіміздің кәсіподақ мүшелері қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып, желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Іс-шараны мектебіміздің директоры Нұржауова Гүлжанат Кәкімжанқызы ашып беріп, мектеп ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Кәсіпдақ комитетінің спорт секторы Жексембаев Ерболат Газизұлы іс-шара бағдарламасымен таныстырды. «Қыран» командасы, «Бірлік» командасы, «Алаш» командасы болып үш топқа бөлініп сайысқа түсті.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңнен де әріптестер мүдірмей өтіп өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатындарын көрсете алды. 1-орынды «Қыран» тобы, 2-орынды «Алаш» тобы, 3-орынды «Бірлік» тобы иеленді. Марапаттау кезеңінде бастауыш кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ең мықты ойыншы», «Ең үздік топ басшы» номинациялары бойынша жеке марапаттар берілді. «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша хореограф Томирова Шынар Калымжановна иеленді.
«Ең үздік топ басшы» номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахатаева Жанар Надировнаға бұйырды. Іс-шара соңында жалпы қатысушылар «Атамекен» әнін орындауымен аяқталды. Ұстаздарымызға шығармашылық өрлеу мен толағай табыстар тілейміз!