АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы тарапынан комиссия мүшелері қатысты.
Өңірлік комиссияның мақсаты 2023-2025 жылдарға арналған Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының білім қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы қол қойылған келісім негізінде әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
Комиссия келесі мәселелерді қарады:
️ Астана қаласының білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссия туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2023-2025 жылдарға арналған «Астана қаласының білім басқармасы» ММ мен «Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
Астана қаласының білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, «Адами капиталды, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдардың қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған салалық деңгейдегі оқу-ағарту саласының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі салалық келісім туралы.
Кездесу барысында Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев қаланың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуына назар аударды.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы келісті.