АҚТӨБЕДЕ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында әскери-спорттық ойындар өтті. Сайысқа "Арлан", "Бүркіт" және "Жас қыран" командалары қатысты.
Бірінші кезеңде қатысушылар пневматикалық мылтықтан ату жаттығуларын орындау, сондай-ақ АК-74 автоматын толық бөлшектеу және құрастыру бойынша жарысты. Үшінші кезеңде олар кедергілерден өту қабілетіне арналған жаттығулар бойынша бақ сынады.
Педагогтар арасында өткен әскери-патриоттық спорттық жарысқа қатысушылар білім дәрежесі мен дене шынықтыру дайындығына қарай іріктелді. Барлық қатысушылар, дене дайындығы деңгейінің жоғарылығын, қайсар рух пен қара күшті қару ете алатынын көрсетті.
Шара соңында үздіктер анықталды. І орынды «Бүркіт» командасы еншіледі. Ал, жүлделі ІІ орын «Арлан» командасына, ІІІ орын «Жас қыран» командасына бұйырды.
Жүлдеге іліккен топтарға алғыс хаттар мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан сыйақылар табысталды.
-
Фото
-