ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының XXXIV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға қалалық, аудандық филиалдардан, бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 57 делегат, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева қатысты.
Төраға Алмагүл Рақышеваның 2019-2023 жылдар кезеңіндегі Қарағанды облыстық ұйымының жұмысы туралы есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деп танылды.
Конференция барысында кәсіподақ белсенділері, педагогикалық еңбек ардагерлері медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Конференция қорытындысы бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып бес жыл мерзімге бірауыздан Рақышева Алмагүл Айтқазықызы сайланды.
-
Фото
-