БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова аудандағы білім беру мекемелеріне барып, білім ордаларындағы еңбек заңнамасының орындалуын бақылады.
Басты мақсат - еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу.
Кәсіподақ көшбасшысы ұжымдық шартта көрсетілген міндеттемелердің орындалуын, еңбек кітапшалары, ұйымның тағы да басқа іс-қағаздарын қарады. Жұмыс барысында жіберілген олқылықтарды жою жолдары көрсетіліп, ұсыныстар мен нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, педагогикалық ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына әдістемелік көмек көрсетті.
“Кәсіподақ қызметінің басты бағыты - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау. Бұл жұмыстар аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп атқарылуда”,-деді Н.Сәбенова.
Жиын соңында кәсіподақ көшбасшысы 2024 жылға межеленген жоспарларымен бөлісті. Мұғалімдердің мүддесін, еңбек құқығын қорғау бағытында жұмыстар жалғасын табады.
-
Фото
-