АУДАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Еңбек қауіпсіздігін қорғау - жұмыс кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Осы орайда Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов аудандағы білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылау жүргізді.
Атап айтқанда, кәсіподақ көшбасшысы «Таң Шуақ», «Балдырған» мектепке дейінгі ұйымдарында және «Саз» мектебінде кәсіподақ мүшелері үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларынының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына назар аударды.
Қоғамдық бақылау барысында еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстары, ұжымдық шарт талаптарын орындау, еңбек шарттарының жүргізілуі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
-
Фото
-