АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЛҚА ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырысты кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында:
Кәсіподақ мүшелерінің еліміздің тарихи-мәдени орындарына сапарының қорытындысы туралы;
2023 жылдың жазғы кезеңінде кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кәсіподақ жұмысының қорытындылары туралы;
Кәсіподақтың 2024 жылға арналған перспективті жұмыс жоспары туралы;
Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы туралы;
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының әйелдер істері жөніндегі комиссиясының құрамы туралы;
Кәсіподақтың Жергілікті құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы активінің марапаттары туралы сұрақтар талқыланды.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарды талқылап, аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
-
Фото
-