ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам, әр ұжым өзіне есеп беріп, өткенін саралап, бүгінгісін бағамдап, жылды қорытындылайды. 2023 жыл білім саласы үшін жетістіктерге толы жыл болды.
Бүгін Облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен жыл үздіктерін марапаттаған дәстүрлі салтанатты шара өтті. Шараға білім ұясының жүрегі бола білген табысты ұстаздарымыз, білім саласының дамуында өзіндік орындары бар, нағыз қолдаушы да жанашыр ардагерлеріміз, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы мерекемен құттықтай отырып, жыл бойы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды.
Білім саласын дамытуда қажырлы еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген ұстаздарға
«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ»
«КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ»
«ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН»
«САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН АЙРЫҚША ЕҢБЕГІ ҮШІН»
«БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгілері тағылды.
Жыл бойы жоғары жетістіктерге жеткен білім беру ұйымдарына
«ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ-2023»
«ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕС»
«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМ»
«ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРДАСЫ» номинациялары табысталды.
Бұдан бөлек, халықаралық, республикалық кәсіби байқауларды бағындырған және жеңімпаз шәкірт даярлаған ұстаздар «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» номинациясымен марапатталды.
Сондай-ақ салада атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді БАҚ-та ақпараттандырып жүрген журналистерге «Үздік жаңалық жаршысы - 2023» номинациясы табысталды.
Жаңа жыл қарсаңында нәтижелі қадамдармен марапат төріне шыққан әріптестерімізді құттықтаймыз!
-
Фото
-