ҮЗДІКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен марапаттау шарасы өтті.
Аталмыш шара 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі орын алған мектеп ұжымдарына арналды.
Салтанатты жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Сәулеш Біртаева мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов педагогтерді Алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйақылар табыстады.
Жүлделі I орын Талдысай жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымына, II орын М.Жұмабаев жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымына, III орын Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымына бұйырды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!