ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ – БҮГІНГІ ЖАС МАМАН
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен №4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман" тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты - жас педагогтардың әдістемелік деңгейін арттыру, кәсіби дағдыларын дамыту, өзін-өзі басқаруға үйрету.
Семинар барысында қатысушылар әуе кемесі бортына орналасып, оларға қатысу билеті таратылады. Таратылған билеттер бойынша «Үйренейік, ізденейік жас маман!», «Ұстаз болу - ұлы міндет», «Білікті маман болудың жолдары», «Тиімді кері байланыс және рефлексия» аялдамаларына сапар шегіп, әр аялдама барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол жас мамандардың ел ішінде қызу еңбек етіп жатқанына тоқталып, еңбек жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі.
Семинар соңы мерекелік шараға ұласып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген белсенді жас мамандарды Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева марапаттап, алғысын білдірді.
-
Фото
-