ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ПЛЕНУМ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
БҚО оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалы Жарғыға сәйкес кезекті Пленум отырысын өткізді. Пленум жұмысына шақырумен пленум мүшелері, сонымен қатар қалалық бастауыш ұйым өкілдері қатысты.
Кәсіподақ төрағасы Төлеген Темешев Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының Атқару комитетінде бекітілген 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Пленум отырысында қалалық №3 ЖОББМ және №26 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары кәсіподақ ұйымдарының жұмыс барысы жөнінде есеп берді. Отырыс барысында талқылау үшін жарыссөзге пленум мүшелері көтерілген мәселелерді тарқата отырып, өз пікірлерімен бөлісті.
Пленум соңында жыл қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелерін Республикалық және ведомстволық марапаттармен марапаттап Орал қалалық кәсіподақ комитеті тарапынан заттай сыйлықтар, гүл шоқтары табысталды.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фото
-