КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ШИПАЖАЙДА
Денсаулықты сауықтыруда шипажайдың игі әсері мол. Осы орайда, 24.12-29.12.2023ж. күндері аралығында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарында қызмет ететін 8 кіші қызметкер Құрық ауылындағы "Аксон Мед" сауықтыру шипажайына барып, тегін ем-шараларын алды.
Шипажайдағы тәжірибелі мамандар физиотерапия, инголяция, магнитотерапия сынды және түрлі құрылғылармен ем алды.
Шипажайға барып келген қызметкерлер тегін жолдама берген Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымына ризашылықпен ыстық ықыластарын білдірді.
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.