БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ
Ақтөбенің Ойыл ауданының Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған шараға кәсіподақ мүшелерінен құралған үш команда қатысты. Ақтық сынға шыққан командалар әдемі ойын көрсетіп, шын жүйріктерді анықтады.
Жүзден жүйрік шығып, бірінші орынды Жалын командасы еншіледі. Ал, екінші орынға Қаңтар командасы және үшінші орынға Ассорти командасы ие болды.
Шара соңында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұлдыз Ержанова жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Сонымен қатар, волейбол жарыс ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан барлық кәсіподақ мүшелеріне алғысын білдірді.
-
Фото
-