ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ
Өңірдің педагогикалық жұртшылығы, педагогикалық еңбек ардагерлері өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосқан 30 және одан да көп жыл өтілі бар білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың бастамасын ризашылықпен қабылдады.
Ағымдағы оқу жылы Павлодар облысының 6441 ұстаз-ардагері оқу-ағарту Министрінің Алғыс хатымен және 23 ардагері «Еңбек ардагері» марапатымен марапатталды.
2024 жылғы 17 қаңтарда «А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында білім беру саласында 40 және одан да көп жыл қызмет атқарған педагогикалық еңбек ардагерлеріне «Еңбек ардагері» ведомстволық марапатын табыстау салтанаты өтті.
Павлодар облысы аудандары мен қалаларының 12 педагогикалық еңбек ардагері медальмен марапатталды.
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы С.О. Айтқазина және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Г.А. Науразбаева құттықтау сөз сөйледі.
Самал Оспанқызы мен Гүлбарам Әуезханқызы өз сөздерінде педагогикалық еңбек ардагерлеріне көп жылғы еңбегі және білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін зор алғыстарын білдірді.
Павлодар облысы білім беру басқармасы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы барша ардагерді лайықты марапаттарымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен береке-бірлік тілейді!
Саланатты шараның соңында ардагерлер оқу-ағарту Министрі Ғ. Бейсембаевқа, білім беру басқармасына, кәсіподақ ұйымына көңіл бөліп, көрсеткен қамқорлығы үшін өз алғыстарын білдірді.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-