КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
2024 жылдың 18 қантарында ШҚО білім басқармасы Қатонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Шығармашылық үйі» КМҚК ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Қасенова Қатонқарағай ауданының бастауыш кәсіподақ ұймдарының төрағаларымен жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда 16 адам болды.
Қабылдау барысында еңбек құқықтықтары, еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек шарты, еңбекақыдағы мәселелердің жалпы кәсіподақ мүшелерінің толғандырып жүрген жеке сұрақтарына толық жауап берілді және жасаған өтініштер, арыздар тыс қалмайтындығына сенім білдіріліп, кәсіподақ назарында екені ерекше атап өтті.
Қабылдауға қатысушылар жергілікті кәсіподақ ұйымына әр қашанда кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қолдағаны және қорғағаны үшін алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің тиімділігін айтты.
-
Фото
-